Министр атаулы әлеуметтік көмекке қатысты даулы сұраққа нүкте қойды

nurotan.kz
Бұл ретте министр осы негіздегі жаңа заң Парламентке ұсынылғанын, сондықтан келесі жылдан бастап АӘК тарату жүйесі неғұрлым айқын болатынын атап өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды үзіліссіз бес сағат бойына қабылдап, 30-дан астам өтінішті қарады, деп хабарлайды Zakon.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қаласының тұрғыны Айгүл Қайыпова министрге бес баласының біреуі басқа қаладағы жоғары оқу орнына түскені үшін жергілікті билік өзін атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімінен шығарып тастағанына шағымданды.

Біржан Нұрымбетов жергілікті биліктің бұл шешімі дұрыс емес екенін бірден кесіп айтты. Студент табыс таппайды және оның басқа қалада тұруы көп балалы отбасыны атаулы әлеуметтік көмектен айыруға себеп бола алмайтынын айтқан министр тиісті қызмет орындарына бұл мәселені шешуді тапсыратынын да жеткізді.

Бұл ретте министр осы негіздегі жаңа заң Парламентке ұсынылғанын, сондықтан келесі жылдан бастап АӘК тарату жүйесі неғұрлым айқын болатынын атап өтті.

Азаматтарды қабылдауды аяқтаған соң министр өзі қараған әр өтініш-шағым жеке бақылауына алынатындығына сендірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін