Абырой Азаматов Талдықорған қаласының көлік прокуроры болып тағайындалды

pavon.kz
Осы тағайындауға дейін ол Бас көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі – басқарма бастығы қызметін атқарды.

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Абырой Азаматов Талдықорған қаласының көлік прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абырой Азаматов Халықұлы 1981 жылы туған. Жүсіп Баласағұн атындағы ҚазҰУ-ды заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Әр түрлі уақытта ол Жамбыл облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және Бас көлік прокуроры қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін ол Бас көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі – басқарма бастығы қызметін атқарды.

Прокуратура органдарында 13 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі