Түркі тілдес елдердің ортақ тілін қазақ тілі ететін бағдарлама жасадық - ІT маманы

иллюстрация үшін алынды
Мұндай ұсынысты компьютерлік бағдарламаларды қазақ тіліне аударумен айналысатын, 10 жыл бұрын Қытайдан қоныс аударған қандасымыз ортаға тастады.

ІТ технологияның көмегі арқылы қазақ тілін түркі тілдес халықтардың ортақ тіліне айналдыруға болады. Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына келген тіл жанашыры Қайрат Қасымбек осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

10 жыл бұрын Қытайдан қоныс аударған қандасымыз компьютерлік бағдарламаларды қазақ тіліне аударумен айналысады. Оның айтуынша, қазақ тілін ІТ технологияның көмегі арқылы түркі халықтарының ортақ тілдерінің қатарына қосуға болады.

Қайрат ҚАСЫМБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Қырғызстан, Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан сияқты елдерде кез келген басқа тілді білмей-ақ қазақ жігіттер сол программа арқылы сол жердің халықтарымен сол тілде байланыса береді. Өзінің нұсқаулығы болады программада. Соның бір-екі тетікпен қолдана береді. Оған кәсіби білім керек емес.

Азаматтарды қабылдаған "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі, қабылдауға келген әр адамның өтініші жерде қалмайтынын жеткізді.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, NUR OTAN ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біз енді бұл азаматтардың тілектерін, талаптарын тыңдадық. Қорытынды шығарып, олардан тиісті мекемелер мен министрліктерге жолдайтын боламыз. Ешқандай талап, ұсыныс жауапсыз қалмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі