Сәтсіз жүйе: халықтың 70%-ының зейнетақы жинағы 1 млн теңгеге де жетпейді

видеодан кадр
Қолданыстағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы кезде сынға көп ілігуде.

Қолданыстағы зейнетақы жүйесі қазақстандықтардың баспана мәселесін шеше алмайды. Себебі, халықтың 70%-інің жинағы 1 млн теңгеге де жетпейді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы стратегиялық бастамалар орталығының мамандары мәлімдеді.

Күні ертең баспана мәселесін зейнетақы қоры арқылы шешеміз деп үмітін үкілеп жүрген тұрғындарға қайтпек керек енді? Сарапшылар зейнетақы жүйесін реформалауды сұрап отыр.

"Мысалы, сингапурлық әдіске жүгіну ұтымды", - дейді олар. Ол қандай әдіс?

Қазақстанда орталық жинақтау қоры құрылу керек. Стратегиялық бастамалар орталығының мамандары осындай пікірде. Сарапшылар зейнетақы жүйесін толықтай реформалауда сингапурлық әдісті тиімді санайды.

Жоба 20 қарашада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен өтетін стратегиялық бастамалардың екінші форумында пысықталмақ. Оның негізінде мемлекетте жұмыс беруші мен жұмысшы ай сайынғы салым жасайды. Кейін бұл қаражат әдеттегі арнайы және медициналық есепшоттарға бөлінеді. Алғашқысын салымшы тұрғын үй алуға не өзі, болмаса отбасы мүшелерін оқытуға жұмсайды. Сондай-ақ осы ақшаны еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда алдын ала шешіп алуға құқылы. Өз кезегінде арнайы есепшоттағы қаражат зейнетақы қоры ретінде сақталады. Медициналық шоттағы қаржыны салымшы денсаулығын түзеуге жұмсай алады.

Қолданыстағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы кезде сынға көп ілігуде. Демек, мемлекет те жүйені жетілдіруге мүдделі болуы керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі