Жаңа жылдан бастап Алматыда тағы да тариф көтеріледі

riga.lv
Жаңа жылдан бастап шайынды суға тұрғындар бұрынғыдан 20 пайызға қымбат төлеуі мүмкін.

Алматыда тағы да тариф көтеріледі. Бұл жолы "Алматы су" мекемесі кәріз су бағасын қымбаттатуды сұрап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жаңа жылдан бастап шайынды суға тұрғындар бұрынғыдан 20 пайызға қымбат төлеуі мүмкін. Қазір қалада кәріз суының 1 текше метрі 26 теңге шамасында. Егер жаңа тариф бекітілсе, баға 33 теңге 69 тиынға дейін өседі. Ал суық су бағасы қымбаттамайды. 2025 жылға дейін тұтынушылар ауыз судың әр текше метріне бұрынғыша 50 теңге төлейді. Бірақ заңды тұлғаларға келер жылдан бастап суық су мен кәріз бағасы 10 пайызға қымбаттауы мүмкін. Қазір "Алматы су" алдағы бес жылға арналған бағаны бекітуді сұрап, монополияға қарсы агенттікке ұсыныс жасамақшы.

Серік Шағыров, "Алматы су" МКК ресми өкілі:

- Алдағы бес жылда судың бағасы өзгермейді. Осы қалыпта 50 теңге. Соңғы 1015 жылда ауыз су құбырларына көңіл бөліп жатырмыз, кәріз құбырларын ауыстырған жоқпыз. Осы жылы 15 шақырым ауыз су құбырын ауыстырдық. Кәріз ауыстырған жоқпыз. Сондықтан кәріз жүйесін жасау керек, модернизация жасау керек. Соған тарифті өсіруді сұрап жатырмыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды