Алматы облысында шенеуніктің ұсталған сәттегі видеосы шықты

видеодан кадр
Алматы облысының орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласының бірқатар лауазымды тұлғалары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласының лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, "Қаратал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімі" РММ-нің бастығына су қорғау белдеулері мен санитарлық қорғау аймақтарын қамтитын Балқаш көлінің су айдындарында балық ресурстарын сатып алу, сақтау және тасымалдауда қамқорлық көрсеткені үшін жалпы сомасы 129 мың теңге (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күлікті ретінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған ұқсас қылмысты жасауда Қапшағай орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік инспекторы әшкереленді.

Ол балықтарды тыйым салынған әдістерімен, сондай-ақ Қапшағай су қоймасында тыйым салынған жерлерде заңсыз аулауға жол берудегі жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін анықтау түпкілікті шешімін сот шығаратын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді