Н.Нығматулин ресми сапармен Вьетнамға барады

Ж.Құспанов
Нығматулин Ханой университетіндегі Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 13-15 қарашада ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен және осы елдің жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларымен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Ханой университетінің профессорлық – оқытушылар құрамымен кездесіп, Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады.

Дананг қаласындағы келіссөздер барысында қазақстан-вьетнамдық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Онда Мәжіліс Төрағасы Вьетнамның экономикалық мүмкіндіктерімен танысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды