Доссор мектеп-интернаты директоры жемқорлық үшін сотталды

zakon.kz
"Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернаты" ММ-нің директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды.

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті ретінде "Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернаты" ММ-нің директоры Б.Бұйрашева, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор орынбасары Г.Күбиева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Б.Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Қызметкерлердің шотына артық мөлшерде жалақы аударып келген. Кейіннен сол қаражатты жинап алып, өздерінің жеке қажеттіліктері үшін жұмсаған.

Сонымен қатар, Б.Бұйрашева өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, "ҚАЖ" және "Мәженов" жеке кәсіпкерлерімен генератор және жылыту қазандығын жеткізуге келісім жасасып, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін және толық көлемде емес тауарларды қабылдаған. Келтірілген шығын 3,5 миллион теңгені құрады (өтелді).

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Мақат аудандық сотымен Б.Бұйрашеваға 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал Г.Күбиеваға 2 жылға және Б.Файзуллинаға 1 жылға бас бостандықтарына шектеу қойылды.

Бұл тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты