Нығматулин Вьетнамға сапарында Дананг қаласының теңіз айлағымен танысты

Ж.Құспанов
Н.Нығматулин: Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының болашағы зор.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Дананг қаласына барып, теңіз айлағының жұмысымен танысты, сондай-ақ, өнеркәсіп орындарына барып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дананг – аталған мемлекеттің орталық бөлігінде орналасқан маңызды теңіз айлағы саналады. Мьянму, Таиланд, Лаос және Вьетнам сынды төрт елді байланыстырады.

Танысу барысында Нұрлан Нығматулинге айлақтың техникалық мүмкіндіктері және инфрақұрылымы туралы толық ақпараттар берілді. Ол жылына 12 млн.тонна жүк өткізе алады. Заманауи қойманың эксплуатациялық қуаты жылына 8 млн.тоннаға дейін жетеді.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы киім тігумен айналысатын Хоа Тхо корпорациясына да барды. Өндіру қарқынының күштілігі сондай әрбір 42 секунд сайын конвейерден бір ерлер костюмі шығарылады.

Данангта Палата Спикері Чыонг Куанг Нгиа қаласының Партиялық комитетінің хатшысымен кездесті. Вьетнамға ресми сапарын қорытындылай келе, Н. Нығматулин:

- Осы Вьетнам жерінде өткен кездесулер біздің екі елдің даму жолында ортақ мақсаттар, бірлескен жобалар көп екенін көрсетті. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін, сонымен бірге, парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту үшін,бізбірқатар келісімдерге қол жеткіздік. Бұл келісімдер, Қазақстан және Венгрия арасындағы байланысты одан әрі күшейтугежаңа жол ашады деп сенеміз, - деді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды