Дариға Назарбаева Еревандағы балалар онкологиясы орталығында

Сенаттың баспасөз қызметі
Орталық 2018 жылдың шілде айында "Шаттық қаласы" қорының қолдауымен құрылған болатын.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Армения Республикасына ресми сапары аясында Армения премьер-министрінің жұбайы Анна Акопянмен бірге Еревандағы Балалар онкологиясы және гематология орталығында болды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық 2018 жылдың шілде айында "Шаттық қаласы" қорының қолдауымен құрылған болатын. Онкологиялық және гематологиялық аурулармен сырқаттанған балалар мен жастарға көмек көрсететін қордың Қамқорлық кеңесіне Анна Акопян басшылық етеді.

Сенат басшысы балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті, орталықтың жабдықтарын көріп, жұмыс жағдайларымен танысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы сол күні Ереван мемлекеттік университетінің жанындағы Қазақ тілі, мәдениеті және тарихы орталығында болды. Орталық 2010 жылы екі мемлекет арасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мәдениетін дәріптеу мақсатында ашылған болатын.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылы Орталыққа қазақтың ұлы ақынының есімін беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды