Таразда маман атаулы әлеуметтік көмек әпергені үшін пара сұрады 

zakon.kz
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ол азаматтан атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін 199 500 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жедел өткізуге өтініші мен келу туралы жазбаша міндеттеме беруіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық қамау қолданылмады.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды