ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары жаңадан тағайындалды

primeminister.kz
Олжас Смағұлов бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

ҚР Премьер-министрінің өкімімен Олжас Смағұлов ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Смағұлов Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық құрлықаралық университетін, Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Ақтөбе облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылғы шілде айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді