Синоптиктер Шығыс Қазақстанда 33 градус аяз болады деп болжайды

riafan.ru
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа-райы туралы мәліметтер мен SMS-хабарламаларды қарап отыруды қатаң түрде ескертеді.

Қазақстанда қыс басталып, синоптиктер күннің күрт суытқанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 19-21 қараша аралығында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады: түнде сынап бағанасы 20-25 градустан 25-30 градусқа дейін төмендейді.

- Ақмола, Павлодар облыстарында 15-20-дан 25-30 градусқа дейін аяз болады. 20-нан 21-ші қарашаға қараған түні Қарағанды ​​облысында 22-ден 33 градусқа дейін аяз болады. Шығыс Қазақстан облысында 18-23, кей жерлерде 25-33 градусқа дейін күн қатты суытады. Ұйтқып, боран соғу ықтималдылығы 95% құрайды.

19 қарашада Нұр Сұлтан қаласында қар жауады, боран болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен ұйытқиды, - дейді төтеншеліктер.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа-райы туралы мәліметтер мен SMS-хабарламаларды қарап отыруды қатаң түрде ескертеді. Ауа-райының нашарлауы және көлік құралдары қозғалысының шектелуі кезінде ұзақ сапарға шықпауға кеңес береді.

- Егер боран күні немесе қатты аязда жолға шығып, көлігіңіз ауылдан жырақта немесе бейтаныс жерде тұрып қалса, онда көлікте қалып, ұялы телефоннан 112 телефонына хабарласқан жөн. Сондай-ақ, ауылды жерлерде тұратын адамдарға ауа-райының нашарлауы кезінде ұзақ жолға шығуына тыйым салынады. 112 - бұл елдің барлық аймақтарында бар бірыңғай құтқару қызметінің нөмірі, оған хабарласу үшін SIM-картаның және телефонда ақшаның болуы міндетті емес, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды