Шенеунік 150 мың теңге жымқырғаны үшін 2,2 млн айыппұл арқалады

zakon.kz
Түркістан облысы Мәдениет басқармасының қаржы бөлімі басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған Түркістан облысы Мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімі басшысы Г.А. Нысанбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол алдау және сенімге ие болу арқылы "Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы" МКҚК директорының 2020 жылға бюджет тапсырысын бекіту үшін 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденгені үшін күдікті болған.

Ағымдағы жылғы 20 қарашасында Түркістан қаласы сотының үкімімен Нысанбекова айыпты болып танылды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 2,2 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды