Ақмола облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

видеодан кадр
Ақмола облысы прокурорының орынбасары болып Данияр Нұрділдәұлы Сыздықов тағайындалды.

Бас Прокурордың 2018 жылғы 19 қарашадағы бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының орынбасары болып Данияр Нұрділдәұлы Сыздықов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Д.Н. Сыздықов 1978 жылы Қызылорда облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2002 жылы бастаған.

Әр уақытта Қызылорда қаласының прокуроры, Қостанай, Ақтөбе облыстары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз