Ташкент пен Түркістан облыстары денсаулық саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

-
Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы денсаулық сақтау жүйелері ынтымақтастығын нығайту.

Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар жүйесін құру жөнінде өзара міндеттемелер қабылдап,алдағы уақытта ғылыми тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жасайды. Көрші мемлекетке еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам делегаттар барды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жетекші мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, клиникалар, мемлекеттік және жеке университеттердің басшылары, санаториялық-курорттық ұйымдар, фармацевтика өндірушілері, денсаулық сақтау саласындағы IT-компаниялар және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялардың басшылары бар. Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы денсаулық сақтау жүйелері ынтымақтастығын нығайту, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу. Іс-шараның бірінші күнінде қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға Қазақстанның денсаулық сақтау реформалары, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялары мен озық технологиялар жетістігі таныстырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі