Алматыда сот актілерін орындау жөніндегі бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілікті

видеодан кадр
Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы әділет басқармасының Бостандық ауданы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі басшысының міндетін атқарушысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сот актісін орындамау фактісі бойынша мүлікке тыйым салу шарасын қолданбау және ішкі істер органдарына материалдарын жібермеу үшін ЖШС директорынан 2 млн. теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін толық мойындауына және оның сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев