Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры 3,5 жылға сотталды

inbusiness.kz
Оған 5 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған.

"Пара алды" деп айыпталған ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМКК директоры Рамазан Әлімқұловқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ол қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелген", - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.

22 қарашада Әлімқұлов Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

24 мамырда Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұлов қамауға алынғаны белгілі болды. Тергеушілер оның қылмысы әкімшілік-шаруашылық қызметке байланысты болғанын нақтылаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді