Әлеуметтік желіде жақын адамдары түгін қалдырмай сабаған балаға көмектесуді сұраған мәлімет тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл хабарлама Инстаграмдағы zhaloby_astana парақшасында жарияланды.
Баланың ата-анасы ажырасып кеткен. Басында ол анасымен бірге Петропавлда апасының үйінде тұрған. Әкесі де сол қалада тұрады. Кейін ажырасқан әйел тағы күйеуге тиіп, бала босанған. Осы жазда ол өз шешесімен баласын Қарағандыда өзімен бірге тұруы үшін үйіне шақырған. Содан кейін әйел анасын қуып шығып, баласын алып қалған. Сөйтіп алимент алу үшін бұрынғы күйеуін сотқа берген. Кейін олардың баланы ұрып-соққаны белгілі болды. Әжесі қонаққа барғанда баланың үстінен көгерген жерлерін байқап, ауруханаға апарады. Ұрған, көгерген жерін суретке түсіріп, сот болады. Бірақ дәлелдің жеткіліксіздігінен апасы сотта жеңіледі. Бала сөйтіп өз анасында қалады. Оны әжесіне осыдан соң көрсетпей қояды.
"22 қараша түнде бәрі қорқыққан нәрсе орын алды. Полиция Қарағандыдағы Русланға (баланың әкесі) қоңырау шалып, баланың ауруханада жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Екінші күйеуімен өз баласын ұрып-соққан ана қан-қан баласын аурухананың кіре берісіне тастап, қашып кеткен. Кеше ол палатаға ауыстырылды. Апасы ауруханаға дереу жеткенмен, ештеңе болмағандай, Александра полициямен бірге келіп, баланы күшпен тартып алып кеткен. Ол баласын ауруханаға жатқызудан бас тартып, арыз жазған", делінеді желідегі парақшадағы жазбада.
Ekaraganda.kz порталы бұл баланы шешесінің отбасынан алынғанын хабарлады.
Алты жасар бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қалшылдақ синдроммен түсті. Балада бірнеше жыл бойына осындай дерт байқалады. Бұл жолы дәрігерлер баланың денесінен жарақат орындарын тауып, бұл туралы полиция бөліміне хабарлады. Баланы анасы мен өгей әкесі тәрбиелейтіні белгілі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленуші баланың ата-анасына қатысты 140-бап, яғни "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Әзірге, полиция баланың денесінде қандай жарақаттар табылғанын нақты айта алмайды, соттық-медициналық сараптама тағайындалды.
Кеше - 24 қарашада бала тұрған пәтерге жедел-тергеу тобы бас сұғып, үйдегі жағдаймен танысты.
Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында.