Тоқаевтың Бішкекте қандай іс-шараларға қатысатыны белгілі болды

Берік Уәли
28 қарашада Мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

27 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Келіссөздер барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда" деп жазды ол.

28 қарашада Мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

"Іс-шаралардың күн тәртібінде Ұйым жұмысы аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты көптеген мәселелер қарастырылып, ҰҚШҰ-ның биыл атқарған жұмыстары бойынша басым бағыттардың жүзеге асырылуы қорытындыланады деп жоспарланған", - дейді Берік Уәли.

Айта кетсек, алдында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен баратынын Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдықов хабарлаған. Ол Қазақстан Президентінің көрші елге сапары кезінде көлік, көші-қон, денсаулық сақтау және трансшекаралық сауда саласындағы келісімдерге қол қою жоспарланғанын айтқан.

.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі