Митингке шыққан Грузия халқы түнде тарамай, орнынан тапжылмай қойды

Ашық дерекөздерден алынды
"Еуропалық Грузия" партиясының негізін қалаушы Гига Бокерия журналистерге билік күш қолданса да, талабымызды орындатпай қоймаймыз деп мәлімдеді.

Тбилисиде парламент ғимараты алдына оппозицияның мыңдаған жақтастары шығып, мажоритарлы-пропорционалдық аралас жүйеде сайлау өткізуге үзілді-кесілді қарсы шығып, 2020 жылы парламент сайлауы тек партиялық тізіммен өтуі тиіс деген талап қойып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біріккен оппозиция лидерінің мәлімдеуінше, "Грузин арманы" деп аталатын басқарушы партия жетекшісі, миллиардер Бидзина Иванишвили ортақ мәмілеге келуден бас тартқан. Енді олар сейсенбі күні парламент ғимараты алдына тағы шығып, пленарлық сессия өткізуге мүмкіндік бермейміз деп отыр.

"Еуропалық Грузия" партиясының негізін қалаушы Гига Бокерия журналистерге билік күш қолданса да, талабымызды орындатпай қоймаймыз деп мәлімдеді.

Бүгінде Грузия парламентін мыңдаған әскер қоршап тұр. Онда су шашатын көлік те әкеп қойған.

Осының алдында "Грузин арманы" партиясының хатшысы Кахи Каладзе парламенттегі көпшілік сайлау жүйесін қайта қарауды көздемейді деп мәлімдеген. Ол оппозицияны 2020 жылдың 31 қазанында өтетін сайлауға дайындалуға шақырған.

Полиция парламент ғимараты алдына отын, шатыр, жылы көрпе, азық-түлік тасыған жүк көліктерін ұстады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты