"Алматыметроқұрылыс" бастығы ұсталды

Кәсіпорын жұмысшылары бастықтың ұсталғанын естіп, жалақысыз қалудан қауіптенуде.

"Алматыметроқұрылыс" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

27 қарашада сағат 11:45-те Алматы ПД Қайрат Реимовты ұстады. Оны ұстауға алаяқтық және банк займдарын өтемеу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс себеп делінеді.

– Екі қылмыстық іс те ойдан құрыстырылған, – деді zakon.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескенде "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның басқарушы директоры Батыр Адайбаев.

- Реимовке көп нәрсе тіреліп отыр – қаржыландыру, мердігерлік жұмыстардың ақысын төлеу және басқа да көптеген мәселелер шешілмей қалмақ. Сондықтан бұл жағдай жұмысшыларды алаңдатып отыр. Жұмысшылар айлықсыз қалуы мүмкін.

"Алматыметроқұрылыс" жұмысшылары кеше "Сарыарқа" стансасының жанында жиналды. Батыр Адайбаевтың айтуынша, жұмысшылар Қайрат Реимовтың ұсталғанына наразы.

Бұл жағдай кәсіпорын жұмысына теріс әсер етіп, "Сарыарқа" және "Достық" стансаларын тапсыру мерзімі созылып кетпей ме деген сұраққа "Алматыметроқұрылыс" АҚ басқарушы директоры ондай қауіп бар деген жауап қатты.

24 қазанда "Алматыметроқұрылыс" АҚ қызметкерлері бір рет назарылық шарасын ұйымдастырған болатын. Сол кезде жұмысшылар Реимовке қарсы қозғалған қылмыстық істерге қоғам назарын аудармақ болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: