Instagram бүкіл әлем бойынша дұрыс жұмыс істемей тұр

Pixabay
Сонымен қатар, Facebook желісі де бірнеше елде ажыратылған.

Instagram әлеуметтік желісі бүкіл әлемде дұрыс жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Интернет-ресурстардың ажыратылуын қадағалайтын Downdetector веб-сайтында Instagram қолданушылары желінің дұрыс істемей жатқанына жан-жақтан шағымданған. Мұндай шағымдар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кеше шамамен 20.00 сағатынан бастап түсе бастаған.

Желідегі ақау туралы бүкіл әлемдегі қолданушылар шағым түсіруде. Сонымен қатар, Facebook желісі де бірнеше елде ажыратылған. Кейбір пайдаланушылар парақшасына мәліметін жүктемей алмауда, ал кейбіреуі жазба астына пікір қалдыру функциясының істен шығып тұрғанына шағымданып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды