Сағынтаев қандай жағдайда отставкаға кететінін айтты

Atameken Business Channel
28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшыларды да жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойды.

"Егер менің қоластымдағылардың бірі заң бұзса, мен отставкаға кетемін", - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

- Заңның аты заң. Заңға бағынуымыз керек, сондықтан, әрине Құдай сақтасын, егер менің қоластымдағылардың бірі жауапқа тартылып, оны сот дәлелдеп, үкім шығарса, демек, мен міндетті түрде өз еркіммен отставкаға кетуім керек. Бірақ, заң нормасы бойынша, Президент айтқандай, бұл отставканы қабылдауға немесе қабылдамауға Президенттің құқы бар. Сондықтан мен заң нормаларына сәйкес әрекет етемін, - деді Бақытжан Сағынтаев.

28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшыларды да жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойды. Заңға енгізілген өзгерістер жеке бас тәртібін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауда бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды