Қазақстанда алғаш рет мәжбүрлі химиялық кастрация үкімі орындалды

abomus.co.il
Химиялық кастрация "кәмелетке толмағандарды зорлады" деп айыпталып, қылмысы дәлелденген 18 жастан асқан тұтқындарға қолданылады.

Қазақстанда "Зорлау" бабы бойынша сотталған төрт тұтқынға химиялық кастрация қолдану үкімі орындалып жатыр. Процедура бір реттік қана емес және жарты жылға созылмақ, деп хабарлайды zakon.kz ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң бойынша кастрация процедурасы тұтқындар жазасын өтейтін мекемеде орындалады.

"Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары және Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінде төрт сотталушыға аумақтық денсаулық сақтау органының медицина қызметкерлері тексергеннен кейін химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеу қолданылады", делінген комитет хабарламасында.

ҚАЖК дерегінше, қазіргі кезде қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінде химиялық кастрация қолдану туралы сот шешімі шыққан 11 тұтқын бар. Құқықтық статистика комитетінің дерегінше, Қазақстанда екі жыл ішінде 15 адамға химиялық кастрация қолдану туралы сот үкімі күшіне енген.

Қылмыстық кодекске сәйкес, химиялық кастрация "кәмелетке толмағандарды зорлады" деп айыпталып, қылмысы дәлелденген 18 жастан асқан тұтқындарға қолданылады.

Шілде айының соңында Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорламақ болды" делінген ер адамға химиялық кастрация шарасын қолдануға үкім еткен.

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап химиялық кастрация жасау туралы заң күшіне енген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты