Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұқбатында Қазақстандағы әлеуметтік желілердегі сын мен митингтер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет басшысы интернетте, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың күші барын жоққа шығармайды.
"Жалпы, Интернет біздің бүкіл өмірімізді өзгертті ... ... Менің ойымша, бұл тежеу мүмкін емес ғылыми және техникалық прогресс", - деді Қазақстан Президенті.
Президент әлеуметтік желілердегі сын мен жекелей наразылық акциясына шыққандарды ешкім жазаламайтынын баса айтты.
- Қазір бір адам наразылық білдіріп, көшеге шықса, оны ешкім жазаламайды. Ол былай тұрсын, бізде өткенде демонстрациялар болды, бірақ полиция арнайы құралдар қолданған жоқ. Мен солай бұйырдым. Олар, тіпті ашықтан ашық шыққан арандатушыларды жалаң қолдарымен ұстады. Керісінше, полиция демонстранттардан зардап шекті. 10 шақты полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Енді Еуропадағы демонстрациялар қалай таратылады, салыстырып көріңіз. Онда арнайы құралдар, су атқыштар, таяқтар қолданылады. Мұны бәріміз теледидардан көріп жүрміз, - деді Тоқаев.