Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті

Хабар 24
Бұл кешке Ресей Президент әкімшілігі, Үкімет пен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мемлекеттік Дума мен Федерация кеңесінің депутаттары, шетелдік дипломаттар, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл кешке Ресей Президент әкімшілігі, Үкімет пен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мемлекеттік Дума мен Федерация кеңесінің депутаттары, шетелдік дипломаттар, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Салтанат аясында "Арайлы Ақтөбе" ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Сондай-ақ шарада қазақстандық суретшілер мен архитектор Марат Габдрахманов туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Халқымызды мейрамымен құттықтаған қонақтар Қазақстанның басты жетістігі ретінде елдің тұрақты дамуын атады.

Иманғали Тасмағамбетов, РФ-дағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі:

- Осы жылдары халықаралық қауымдастық Қазақстанды бүкіл ұлттар арасында діни мен мәдени үйлесім және татулық орнатуға бағытталған жүйелі ішкі саясат жүргізетін мемлекет ретінде таныған. Еліміз тату көршілік пен өзара тиімді ынтымақтастық саясатын өткізетін халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде орнықты.

Александр Панкин, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Шынымен көп еңбек атқарылды. Әсіресе, сайлау барысында. Арамызда тығыз байланыс пен өзара сенім орнаған. Даңқты тарихы мен жақсы жетістіктері бар көпұлтты Қазақстан халқын шын жүректен құттықтаймын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз