Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Қазақстаннан көмек сұрайды

sports.kz
Нурмагомедов пен Фергюсонның жекпе-жегі 2020 жылдың 18 сәуірінде Нью-Йоркте өтеді.

Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың (28-0) әкесі Абдулманап Нурмагомедов келесі жылдың көктемде АҚШ-та болатын ұлы мен америкалық Тони Фергюсонның (25-3) жекпе-жегін өз көзімен көргісі келеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Алайда, Хабибтің әкесі бұл ретте белгілі бір қиыншылықтарға тап болған: АҚШ-қа виза сұратқан екен, бірақ консулдық бірнеше рет бас тартқан. Бұл жолы ол құжаттарды Қазақстан арқылы жіберуді ұйғарып отыр.

- Виза ала алмай жатырмын. Енді Қазақстанға құжаттарымды жіберіп қойдым. Қашан шақырады деп күтіп жүрмін. Алматыда 22-сінде боламын. Сұрақ-жауаптан сүрінбей өтермін деп үміттенемін, - дейді Абдулманап Нурмагомедов.

Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 2020 жылдың 18 сәуірінде Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді. Спортшылар бұған дейін бір-бірімен төрт рет кездесуге тырысты, бірақ әр кез жекпе-жек олардың алған жарақатына байланысты кері шегеріліп келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты