Қарин Украина СІМ мәлімдемесіне алаңдаған жұртқа өз ақылын айтты

inbusiness.kz
Әйтпесе барлық осы нота, демарш дегендеріңіз – керек кезде өз ретімен дипломатиялық тәртіп бойынша жасалатын әдеттегі жұмыстар, ол үшін қара түнекті төндірудің еш қажеті жоқ - Ерлан Қарин.

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Украинаның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне Қазақстан жұртшылығының алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Біз әлі де ауылбай (ауылдан ары қарайғысын ойлай алмайтын адам) секілді ойлап, содан зардап шегіп келеміз. Ол біздің халықаралық және сыртқы саясат тақырыбындағы пікірталастарымыздан анық байқалып тұрады. Ұлттық мүдде тұрғысындағы жалған намысты бір сәтке ысырып қойып, шындап, осының қайсы бізге пайдалы немесе керісінше, біздің мүдделерімізге бұл сай емес қой деп ойланудан гөрі, біздің сарапшы аудитория үшін басқалардың біз туралы не ойлайтыны, оны қалай қабылдайтыны, ренжіп қала ма немесе ренжімей ме екен деген секілді мәселелер маңызды болып кетеді. Содан кейін де басқа елдің Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге дүрлігіп, жоқ жауды тақатып, ту-талақай болып шалабүлініп жатқандары. Әйтпесе барлық осы нота, демарш дегендеріңіз – керек кезде өз ретімен дипломатиялық тәртіп бойынша жасалатын әдеттегі жұмыстар, ол үшін қара түнекті төндірудің еш қажеті жоқ"- дейді ол Telegram-дағы арнасында.

Ол қазақстандықтар прагматик болуы керек деп санайды.

"Шынымды айтсам, бұл бізді қызықтыратын соңғы мәселе болуы керек, біз прагматик болуымыз тиіс, ең бірінші кезекте басқалардың пікіріне емес, өз мүддемізге қарай бейімделуіміз керек, барлығына бірдей жағуға тырысудың керегі жоқ", - деп сөзін түйіндеді ол.

Алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Украинадағы оқиғаларға өзінің көзқарасы туралы айтқан болатын.

- Біз Қырымда болған жайтты аннексия деп айтпаймыз. Болатын нәрсе болды. Аннексия сөзі Қырымға қатысты қолдану үшін тым ауыр", - деді ол.

Кейін Украинаның сыртқы істер министрлігі Қазақстан президентінің бұл мәлімдемесіне демаршпен жауап беруге уәде еткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты