Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатты іс-шарасына қатысады

Ақорда
Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге жуық жастар қатысады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы және Қазақстандағы волонтерлер жылының ашылу салтанатты іс-шарасына қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін елордада ЭКСПО павильондарының бірінде Мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылуы және Қазақстандағы волонтерлер жылының ашылу салтанатты шарасы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге жуық жастар қатысады.

Рәсімнің өтетін орны кездейсоқ таңдап алынбаған. "ArtHUB" павильонында - шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы құрылмақ. Бұл жастар жылының өзіндік мұрасына айналады.

Павильонның жалпы ауданы - 2,5 мың шаршы метр. "ArtHUB" жастар дайындаған LOFT форматында жасалынып, безендіруші қондырғылармен жасақталып, тақырыптық аймақтарға бөлінеді.

"ArtHUB" құру жас таланттарды тартудың қосымша орталығы болады әрі ол Қазақстан жастары зияткерлік банкі іспетті жұмыс істейді деп күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды