ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы қашан болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің екінші отырысы 20 желтоқсанда өтеді", - деп жазды Қарин telegram арнасында.
Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы биыл 6 қыркүйекте өтті. Онда Рақым Ошақбаев, Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Асылбек Қожахметов, Қазыбек Иса, Саясат Нұрбек, Айман Омарова, Ермек Тұрсынов, Сейдахмет Құттықадам, Ораз Жандосовтар сөз сөйледі.
Отырыста сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сату, көрші мемлекеттен 55 ескі зауытты көшіріп әкелу туралы қауесеттерге түсініктеме берді, сөйтіп азаматтық қоғам өкілдерін ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, орталық мемлекеттік органдардың қадағалау кеңестері қатарына қосу туралы ұсынысты қолдады.
Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің негізгі міндеті - қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты қамтамасыз ету. Оған 40-тан аса адам кірді. Бұл - ескі оппозиция, наразылық білдіруші жаңа қозғалыстар өкілдері, азаматтық белсенділер, саясаттанушылар мен заңгерлер.