Түркістан облысының полициясы әлеуметтік желіде тараған қатыгез қылмысты жоққа шығарды

видеодан кадр
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес емес.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Түркістан облысы тұрғынының бірі құрбан болған асқан қатыгез қылмыс жасалды-мыс деп бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаменті бұл жайт облысқа қарасты ешбір полиция басқарма, бөлімшелерінде тіркелмегенін ресми мәлімдейді.

Яғни, бұл ақпарат шындыққа сәйкес емес.

Облыс полициясы азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерден алынған мәліметтерге сенбеуге, тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуге шақырады.

Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны азаматтар ҚР ҚК-нің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді