Сыртқы істер министрі Мысырдағы дипломаттың өліміне қатысты түсінік берді

kaztube
ҚР СІМ тергеу нәтижелерін күтіп отыр.

Үкімет дәлізінде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырдағы қазақстандық дипломаттың қазасына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз тергеу нәтижелерін күтіп отырмыз. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол салды деген болжам бар. Әрине, біз бұл жайтты зор күйзеліспен қабыл алдық. Ол өте сауатты арабист, бізбен ұзақ жылдар бойына жұмыс істеді, - деді министр.

Министр марқұм дипломаттың биыл үш жылдық іссапар мерзімі аяқталғанын да айтты.

"Осы жазда ол үш жылдық іссапарды аяқтады, бірақ елшінің ұсынысы бойынша және заңға сәйкес біз оны тағы бір жылға ұзарттық, өйткені ол елшілікке керек болды", - деп сөзін түйіндеді министр.

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қазасы туралы 17 желтоқсанда белгілі болды. Марқұмның немере інісі Гүлнар Пернебекованың айтуынша, қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған, Еламан үйінің кіреберісінде өлі күйі табылған. Дипломаттың денесі жіппен матап-байланған деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы 18 желтоқсанда өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін