2019 жылы қоғамдық жерде темекі шеккен 4 мың адам айыппұл салынды

баспасөз қызметі
Көлік полицейлері жыл басынан бері жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 4 мыңнан астам азаматқа айыппұл салды.

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 54 043 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін – 4039, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында көлік полицейлері "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызында яғни, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккен екі ер адамды ұстады.

Тексеру барысында, құқықбұзушылардың 1990 және 1992 жылы туылған Алматы қаласы мен Қостанай қаласының тұрғындары екені анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу), әрқайсысына 7575 теңге көлемінде 3 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты