Әлихан мен Медина - ең көп қойылған есімдердің көшін бастады

pixabay
Биыл туғандар ішінде Әлихан - 315, Медина 398 рет қойылған.

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 29 мың 850 туу туралы акт жазба тіркелген. Оның ішінде ұлдардың саны - 15 мың 640, ал қыздар - 14 мың 210.

Бұл туралы "Қазақ радиосына" Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті АХАТ және апостілеуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Раушан Зарирова хабарлады.

Оның айтуынша, биыл дүние есігін ашқан ұлдарға Әлихан есімі жиі қойылған. Сондай-ақ қыздарға Медина есімі ең жиі таңдалған.

Биыл туғандар ішінде Әлихан - 315, Медина 398 рет қойылған.

Жиі қойылатын есімдердің қатарында Әмір, Әли, Айсұлтан, Рамазан, Омар, Ислам бар. Қыздардан Мединадан бөлек, Раяна, Әмина, София, Асылым, Мәриям деген аттар биыл жиі таңдалған. Үкілім, Сырғалым, Ағзам, Тәуекел, Ұлағат, Хазірет есімін алған сәбилер сирек болса да, елордалық отбасылардың шаңырағын шаттыққа бөлегендердің қатарында тұр.

Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген тұлғалардың есімдері де биыл жиі таңдалған. Олардың ішінде Қарақат (Қарақат Әбілдина), Мақпал (Мақпал Жүнісова), Фариза (Фариза Оңғарсынова) есімдері бар.

2018 жылы 30 мың 800 сәби дүниеге келген. Әділет департаменті өкілінің айтуынша, елордада күн сайын 250-300-дей бала өмірге келеді.

2019 жылдың аяқталуына 10 күннен астам уақыт барын ескерсек, әлі талай отбасында іңгәлаған сәби үні естіліп қалар. Шаңырақтың шаттығы болар сәбилеріміз аман болсын!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз