Тоқаев: Партия мүшелерінің төменгі шегін 20 мыңға дейін қысқартуды ұсынамын

IOT Forum Astana
Өз сөзінде Президент парламенттік оппозиция институты қажет екенін айтты.

Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңіне өтетіндей дәрежеге жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтты, деп хабарлады zakon.kz.

Бұл туралы Тwitter-дегі Ақорданың баспасөз парақшасында жарияланды.

"Тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге азайтуды ұсынамын, яғни 20 мыңға дейін. Жалпы, партияларға және сайлауға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Өз сөзінде Президент парламенттік оппозиция институты қажет екенін айтты.

"Ол үшін "Парламент туралы" заңды саяси азшылыққа кепілдік беретін нормалармен толықтыру керек. Бұл биліктің заң шығару тармағындағы баламалы қызметтің жүйелі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Президент.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев