1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көбейеді

Тengrinews.kz
Қосымша ақы арнайы қызметтерді тікелей ұсынатын жұмысшылардың еңбегінің күрделілігі мен жоғары қарқындылығына байланысты сараланады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ауруханада, жартылай госпитальда, үйде күтім жасайтын және уақытша тұру жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлеріне психоэмоционалдық және физикалық белсенділігі үшін қосымша ақы енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша ақы арнайы қызметтерді тікелей ұсынатын жұмысшылардың еңбегінің күрделілігі мен жоғары қарқындылығына байланысты сараланады.

Атап айтқанда, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек бөлімшелерін қоспағанда) басқару персоналына лауазымдық жалақыдан (бұдан әрі - ЛЖ) 30%, негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) ЛЖ-дан 35%, әлеуметтік қызметкерлерге, санитарларға ЛЖ-дан 40%.

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативтік көмек бөлімшелерінде барлық мамандықтағы тәрбиешілерге, медбикелерге, санитарларға ЛЖ-дан 60%.

Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының қызметкерлеріне, оның ішінде басқарушы персоналға лауазымдық жалақыдан 15%, негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) 20%, әлеуметтік қызметкерлерге 35%, санитарларға 20% қосылады.

Көрсетілген санаттағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды қаржыландыру үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте жыл сайын 8,4 млрд теңге көзделген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты