Дариға Назарбаева журналиcтерді құттықтады

Ж.Құспанов
Дариға Назарбаева парламенттік журналистерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Сенат басшысы парламенттік тілшілермен кездесті. Дариға Назарбаева Парламент жоғарғы Палатасының өткен жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы әңгімеледі, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Парламент алдына қойған міндеттері орындалды, атқарылған жұмыстардың нәтижесін біз мақтан тұтамыз әрі алдағы жылдың қаңтар айында депутаттар ел аймақтарында сайлаушылармен кездесуде ол туралы айтып береді", - деді Сенат Төрағасы.

Дариға Назарбаева Сенаттың 2019 жылғы қызметі туралы айта келіп, жоғарғы Палата депутаттарының жұмысы бұрынғыдан да ашық бола түскенін атап өтті: мобильдік қосымша, "Мәслихаттар" веб-порталы іске қосылды, Сенаттың сайты жаңғыртылды. Дариға Назарбаева журналистерге ашықтық саясаты келесі жылы да жалғасатынын айтып, Сенаттың бастамасымен журналистерге арналған конкурстар туралы еске салды.

"Келесі жылы Сенат пен экологиялық журналистика саласындағы материалдар негізінде ең жақсы журналистік зерттеуге конкурс өткізу туралы уәдені ұмытқан жоқпыз. Байқау басталды, жұмыстарыңызды жіберіңіздер, зерттеу жүргізіңіздер, шығармашылық талант пен азаматтық ұстаным көрсетіңіздер. Мен бәріңізді белсенді түрде қатысады деп үміттенемін", - деді Сенат Төрағасы.

Сенат басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді және журналистердің кәсібилігі мен жеке қасиеттерін атап өтіп, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

"Сіздің қажырлы еңбектеріңіз, көмектеріңіз үшін алғыс айтамын. Жаңа жыл қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, сәттілік пен табыс тілеймін. Жаңа 2020 жыл құтты болсын! Жарқын мереке баршамыз үшін жақсылықтың бастауы болғай!", - деді Дариға Назарбаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты