Президенттік кадр резервіндегі жас ҚР СІМ жауапты хатшысы болды

ҚР СІМ
ҚР СІМ жауапты хатшысы Әркен Өтенов болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысын жаңадан тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.

Әркен Өтенов Президенттік кадр резервіне тіркелген жастар тізімі қатарында болған.

Әзірге, оның Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдағаны туралы мәлімет қана белгілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты