Цифрлық даму министрлігінің шенеунігі жемқорлық үшін сотталды

zakon.kz
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңіраралық байланыс инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" РММ басшысының м.а. И. Қошалиевке қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жұбайына тіркелген "Ғасыр Қазсвязь" ЖШС-ін басқаруға және осы ЖШС-не артықшылықтар мен қамқорлық көрсете отырып, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.

Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда Атырау қ. № 2 сотымен И. Қошалиев заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 1 млн. 262 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты