Еліміздегі ең үлкен жалау төмен түсірілді

facebook.com
28 желтоқсан - жалпыұлттық аза тұту күні.

28 желтоқсанда еліміздегі ең үлкен жалау аза тұту белгісі ретінде төменге түсірілді. Оның суретін Facebook-те Жарқын Түсіпбекұлы жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ең үлкен жалау Нұр-Сұлтан қаласының қақ ортасында орналасқан "Атамекен" этно-мемориалдық кешенінің аумағында орнатылған.

Нысан 2009 жылы ашылды. Жалаудың жалпы ауданы - 450 шаршы метр, салмағы - 90 келі. Тудың өлшемі 15-30 метрді құрайды және қала үстінен 111 метр биіктікте желбіреп тұрады. Көк жалау қаланың кез-келген жерінен көрінеді және Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігінің нышаны іспетті.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді