Атырауда денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Атырау облысы ӨКҚ
Облыс әкімінің бұйрығымен денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Байтолла Ғазизов тағайындалды.

30 желтоқсанда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс активін өткізіп, денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің бұйрығымен денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Байтолла Ғазизов тағайындалды.

- Өткізілген конкурс қорытындысымен Байтолла Закарьяұлы Ғазизов денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Медицина саласындағы тәжірибелі маман. Аудандық, облыстық деңгейде түрлі басшылық қызметтер атқарды. Кәсіби, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Оның басшылығымен өңірдегі денсаулық сақтау саласы жаңа серпін алады деген сенімдемін. Алда ел игілігі үшін атқаратын көп жұмыс күтіп тұр, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Байтолла Ғазизов облыс басшысын өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерді шешуге бар күш-жігері мен тәжірибесін салатынына сендірді.

Б.Ғазизов - жоғары білімді, Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін бітірген.

Еңбек жолын Атырау облыстық ауруханасында дәрігерліктен бастаған.

Индер, Құрманғазы аудандарында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істеген.

Туберкулезге қарсы ауруханада, кейін Құрманғазы аудандық ауруханасында бас дәрігер болды.

Медициналық және фармацевтік қызметтерді бақылау Комитетінің Атырау облысындағы департаментін басқарды.

Б.Ғазизов бүгінге дейін әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті