Тоқаев Иранда апатқа ұшыраған ұшаққа байланысты көңіл білдірді

Ақорда
Апатқа ұшыраған ұшақта шамамен 180 жолаушы болған.

Мемлекет басшысы Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында "Украина халықаралық әуежолы" компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады.

Биыл 8 қаңтарда "Украина халықаралық әуежолы" компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Соңғы мәліметтер бойынша, бортта Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстанның 176 адам (167 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі) болған. Ешкім аман қалмады.

Тегеран мен Киев ұшақ апатын теракті деген болжамды жоққа шығарады және ресми мәлімдемелер оған қозғалтқыштан шыққан от себеп дегенді келтіреді..

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі