Мәжілісмендер Маңғыстау облысының шалғай аудандарында болды

zakon.kz
Кездесу барысында депутаттар сайлаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Мәжіліс депутаттары, "Nur Otan" фракциясының мүшелері Тарас Хитуов пен Сәкен Өтебаев Маңғыстау облысында Маңғыстау облысының Бекі елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі мен "Nur Otan" партиясы филиалына сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "100 нақты қадам" бастамалары, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттары және Парламенттегі заңнамалық жұмыс әңгіме өзегіне айналды.

Мәжіліс депутаты Тарас Хитуов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелеріне тоқталып, оны жүзеге асыру елміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының артуына ықпал ететіндігін атап өтті.

Кездесу барысында депутаттар сайлаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сауалдардың көбі ауылдарға газ тарту, жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту, көп балалы отбасылардың жағдайы мен аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.

Жиынға қатысушы аудан тұрғындары Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау білдіре, Бекі ауылы мәселелеріне тоқталып, ұсыныстарын білдірді.

Депутаттар айтылған өзекті мәселелерді құзырлы органдармен бірлесе отырып, қарастырылатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті