"Жұмыссыз" деген анықтаманы енді egov.kz сайтынан алуға болады

видеодан кадр
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама бірден жеке кабинетте "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде пайда болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру қызметін енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына міндетті түрде жеке өтініш беру қажет болған. Бұл ретте анықтама бір күн ішінде қағаз тасығышта берілді. Енді анықтаманы egov.kz-те онлайн тапсырыс беру арқылы лезде алуға болады.

"Біз әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді талдаған кезде, барлық мүмкін анықтамаларды электрондық форматқа аударатын боламыз, себебі қандай да бір инстанцияда анықтама беру бойынша қызмет көрсетудің өзі аса қиын процесс емес. Оларды алу үшін азаматтарға, мысалы, жұмыспен қамту орталығына баруға тура келді. Енді цифрландыру арқасында жеке барып өтініш берудің қажеті жоқ. Мұндай форматтың негізгі артықшылығы – бұл анықтаманы кез-келген жерден алуға болады, ең бастысы интернетке қолжетімділік болу керек. Болашақта мемлекеттік органдар базасында ақпарат бар болса, анықтама алудан бас тартқымыз келеді", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Электрондық үкімет порталында анықтама алу үшін басты бетте "Қызметтер" батырмасы бойынша басу керек, әрі қарай "жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөліміне өту керек. Қызметті таңдау арқылы авторизациялану, өтінімді толтыру, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе смс-парольмен куәландыру қажет (мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет).

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама бірден жеке кабинетте "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде пайда болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды