Павлодар облысының әкімі Instagram-да жазба жариялады
instagram.com
Болат Бақауов, түк болмағандай, күнделікті жұмысы жайлы жазба жариялаған.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабарламадан кейін оның Instagram парақшасында жазба жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жазбада индустриалды-инновациялық даму және кәсіпкерлік пен сауданы дамыту басқармасында өткен алқалы жиын туралы айтылады.
Сондай-ақ, ірі және орта бизнес өкілдерімен кездесу жайлы да жазылған. Одан әрі әкімнің атынан әрбір проблемада мемлекеттік органдар тарапынан кеткен кемшіліктер барын, алда осы жұмыстарды жақсартуға тырысатындығына уәде етіледі.
Алдында бірнеше ақпарат көздерінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған. Әкімнің парақшасында бұған қатысты ешқандай түсініктеме берілмеген.