Павлодар облысының әкімі жұмысын істеп жатыр

Валерий Бугаев
Ол жұмыс бабымен қала ішінде жүр.

Болат Бақауов, әдеттегідей, штаттық режимде жұмысын істеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің басшылығы, әдеттегідей, жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі орнында жоқ, бірақ ол жұмыс бабымен қала ішінде жүр. Таңертең ол Инвесторлар үйінде жиналыс өткізуі керек еді, бірақ жұмыс кестесінің сәйкес келмеуіне байланысты отырысты оның орынбасары Арыстан Қабикенов өткізді", делінген хабарламада.

15 қаңтарда ҚР ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстағаны туралы ақпарат пайда болды.

Одан бөлек Бақауовтың үстінен Павлодар облысының жоғары лауазымды тұлғаларының бірі арызданған деген мәлімет жарияланды.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабарламадан кейін оның Instagram парақшасында жазба жарияланды.

Кейбір ақпарат көздері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпараттың расталмағанын хабарлады.

Ал бүгін, таңертең Павлодар облысы әкімдігінде Болат Бақауовтың қатысуымен өтуі тиіс екі жиын болмай қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді