Бақауовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды - ҚР ҰҚК

zakon.kz
Оған "қызмет бабын асыра пайдаланған" деген айып тағылған.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Болат Бақауовтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Биыл 15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовқа қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу шараларын жүргізді" делінеді ведомства хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК-дегілер тергеу мүддесі тұрғысында дәл қазіргі уақытта бұл істің мән-жайын жариялауға болмайтынын ескертті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз