Нұр-Сұлтан әуежайында ұшақтар кешігіп келіп жатыр

nn-airport.kz
Ұшақтардың кешігуіне ауа-райының еш қатысы жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр. Бұл басқа қалалардан шыққан ұшақтардың кешігіп келуіне байланысты орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлттаннан ұшып шығуы тиіс төрт рейстің уақыты кейінге шегерілген: FlyDubaiәуе компаниясының Дубайға, Air Astana - Атырауға, Qazaq Air - Петропавл мен Өскеменге ұшатын ұшақтары.

Сол секілді Нұр-Сұлтанға ұшып келуі тиіс төрт рейс те кешігіп жатыр: Qazaq Air компаниясының үш рейсі: Шымкент, Петропавл және Өскеменнен шығатын ұшақтар, сонымен қатар SCAT-тың Пхукеттен шығуы тиіс ұшағы.

Демалыс күндерден бастап Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында рейстер бойынша кешігу болып жатыр.

"Желдің екпіні секундына 15 метрден және одан жоғары жылдамдықпен ұйытқып соққанда ұшақты қауіпсіздік мақсатында мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеуге рұқсат етілмейді. Дегенмен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп түсіндірген бұл жайтты әуе-жайдағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме