Бас прокуратура Бақауовтың ісіне қатысты түсінік берді

newtimes.kz
17 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды.

Парламент Мәжілісі дәлізінде тілшілерге сұқбат берген ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі "бақылауда" екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ол екі айға қамауға алынды. Іс бас прокурордың бақылауында", - деді ол.

Сонымен бірге Ахметжанов "прокуратура Конституцияның шеңберінде әрекет жасап жатқанын" айтты

Бұрын хабарланғандай, 15 қаңтарда ҚР ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұстағаны туралы ақпарат жария болды.

Кейін әкімнің үстінен жоғары лауазымды шенеунік домалақ арыз түсіргені белгілі болды.

Осы хабардан кейін кешке әкімнің атынан Instagram-дағы парақшасында оның жұмыс істеп жатқаны туралы жазба жарияланды.

16 қаңтарда Павлодар облысының әкімдігі Бакауовқа қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады, онда олар тергеу әрекеттері мен қылмыстық іке қатысты түсінік бере алмайтындығы туралы хабарлады.

17 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Болат Бақауовтың үстінен арызданған адамның аты-жөні белгілі болды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады